Жас келін бата

Жастарға бата

Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим

Орта мектепті бітіріп,
Қолына алды аттестат.
Жастарға ақ жол тілейік,
Қолыңды жай жамағат.
Алла жолыңды оңғарсын,
Періштелер қолдасын.
Жоғары оқуға түскенде,
Қыдыр болсын жолдасың.
Үйден тысқары шыққан соң,
Ата-анаңды ұмыт па.
Жүз тілді таза білсең де,
Қазақ тілін ұмытпа.
Көше кезіп, сенделіп,
Жүрмегін түнде клубта.
Жаман істен алыс жүр,
Жақсы іске жақын жүр.
Білімнің шыққын шыңына,
Кетпегін жолда жығыла.
Ақ сүтін ақта анаңның,
Құтты болсын қадамың.
Білікті маман атанып,
Кірпіш боп еліңе қаланғын.
Ешқашан дініңді сатпағын,
Сенімін ақта ата-анаңның.
Алғыр ойлы маман бол,
Пайдаң еліңе тиетін.
Парасатты адал бол,
Еліңе сыйлы адам бол.
Осы батам қабыл боп,
Періштенің құлағына шалынсын.

Әумин!