Қалима, білем қорқыныш, қауіпіңді,
Ойыңды, мазалайтын әрбір күнгі.
Танымайтын, бір көрген адамыңа,
Отырсың ба айта алмай келісіміңді.
Жаныңа жалау болып желбірер ем,
Егер де аққуым боп маған келсең.
Көзіңе жас, көңіліңе кірбің түсірмей,
Тек қана жарқын жүзбен күліп жүрсең.
Жүрсің ғой жалғыздықтан жапа шегіп,
Еркектің қажеттігін күнде көріп.
Екеуіміз шат-шадыман жүрер едік,
Тірек боп, бірі-бірімізге серік болып.
Алар ем құшағыма сүйіктім деп,
Келіссең сыңар болуға мәңгілік тек.
Жалғыздықты ұмыттырып, жадыратып,
Алдымызда бірге көрер қуаныш көп.
Сен маған берілсең,шын сенім артып,
Жүргенде жалғыздықтың дәмін татып.
Жұптасайық Алла қолдап біз екеуіміз,
Бөленіп шаттыққа тоймай балқып-шалқып.
Жүрейік күнде күліп, бір жұптасып,
Өмірде достарменен тек араласып.
Ұмытайық ащы дәмін өткен күннің,
Қуаныштан кеудемізді айқара ашып.
Болайын өзіңе мәңгі тірек, серік,
Қолыма қоншы,енді құс боп келіп.,
Аймалап, жаныңа жылу, нәр берер ем,
Ұмытылған жан жылуын қайта көріп.
Қалима! Батыл болғын, тартын ба тек,
Ойлана берсең, алдыңда бөгеттер көп.
Қыздарыңды құшағыма ала аламын,
Тумаса да туғандай сүйікті әкесі боп.
12.03.2015 сағат 10:50