Ақыртөбенің жанында Бірлес деген,
Ауылға жыл аралатып талай келгем.
Ынтымағы жарасқан, еңбексүйгіш,
Ақ көңіл тұрғандарын жиі көрем.
Бұл күнде бұл ауылда өзгеріс көп,
Ауылды да өзгертіпті Сәлімбай деп.
Шатыры күн сәулесімен жалтылдаған,
Еңселі, жаңа жобалы үйлер де көп.
Кездестік біздер бүгін Сәлімбайда,
Қанықтым мұнда келіп, біраз жайға.
Тырнақ алды жинағын Нәзира қыз,
Тарту етті көкесі Қыдырбайға.
Елу жыл толыпты бүгін Әзтанменен,
Араласып, достасып, бірге келем.
Әрдайым аңсап мұнда келгенімде,
Жылы құшақ,кең пейілін ғана көрем.
Аңқылдап қарсы алады Сайлау бізді,
Мінезі ашық, сыпайылығымен елге үлгі.
Тәрбилеп үш қызбен үш ұлдарын,
Елге сыйлы, абыройлы болып жүрді.
Ұл -қызы бәрі атпал азамат боп,
Үйелменді болыпты жеке отау боп.
Ілестіріп құлындарын шапқылаған,
Ата-әжелері отырғаны көңілі тоқ.
Гүлмира тұңғыштары, қуанышы,
Ата-анасымен жас кезде болмай ісі.
Әжесінің бауырында тәрбиеленді,
Өзгермепті кішіпейілі мен күлкісі.
Гүлзира ортаншы қыз алғыр болды,
Ата-анасының ұзарды екі қолы.
Елгезек, еңбексүйгіш болып өсті,
Сақтай білді салт-ләстүрді, ескі жолды.
Нәзира қыз жасынан өткір еді,
Әжесінің соңынан қалмай ерді.
Төлмен бірге шапқылап, ой да, қыр да,
Табиғаттың сырына қаныға берді.
Бойында тасқындаған шабыт барды,
Көтеретіндей шапшыған қара нарды.
Ақындылық шабыты қызғалдақтай,
Алғаш рет құлпырып, шешек жарды.
«Өмірімнің өзі өлең» тырнақ алды,
Кітабын оқырмандар қарсы алды.
«Бата тілек», «Алладан тіле тілекті»,
Көпшілік бас көтермей оқып алды.
Жарық көрді төртінші кітабы да,
Жол тартып жырға әуес оқырманға.
Сәті түсіп, кездесіп Сәлімбайда,
Тарту етті кітабын маған, ағасына.
Ұлдан үлкен Мұқантай баласы да,
Оқыды колледжде Шымкент қаласында,
Тіс салудың ой-қырын ол меңгеріп,
Жақсы ісімен сыйлы бопты ел-қауымға.
Ортаншысы Қабыштай атпал азамат боп,
Қылтың-сылтың іспенен жұмысы жоқ.
Аңқылдаған, ақ жүрек мінезімен,
Ұқсапты әкесіне «көлеңкесіндей» боп.
Үш келіннен үлкені, алғаш Кәмиласы.
Ақ көңіл, ашық мінезіне сай әрбір ісі.
Ауылында медфельдшерлік қызметі.
Риза болған ем алған әрбір кісі.
Ол үйдегі екінші келін Фаридасы,
Көрініп тұр ата-анасының тәрбиесі.
Бала-бақшада қызметі, елге сыйлы,
Аудандағы үлгілі де, озат тәрбиеші
Кенже ұлы Таразда тұрып жатыр,
Жеке отау келінмен құрып жатыр.
Заманына сай болып,ел қатарлы,
Бизнестің тілін үйіріп, біліп жатыр.
Немерелер келгенде ата-әжелеп,
Әзтан, Сайлау оларды жүр жетелеп.
Құдайға шүкір-тоба,- деп тілек айтып,
Төбелері көкке сәл тимей отыр шалқып!
Қыдырбай Жұмәділұлы.
22.03.2014 ж.