25-мамырды еліміздің барлық мектептерінде дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанаты өтеді. Бұл күнді мектеп оқушыларының бәрі асыға күтеді: бітірушілер үшін қимастық көңіл, өзге сыеыптағылар үшін жаз бойы алаңсыз демалу. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері мектепті бұрынырақ бітіріпген жастардың 5,10,20,25,30,40,50 жылдан кейін өздерін білім алған, өмірге жолдама алған аяулы мектептерінде кездесу ұйымдастырылып келеді.
Белгіленген уақытта Ордабасы ауданындағы «С. Ысмайылов атындағы жом» КММ-де «Қош бол, аяулы мектебім!» деген атпен соңғы қоңырау салтанаты басталды.
Салтанатты жиынды мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раушан Байсейітова жүргізіп отырды,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, мектеп Туы енгізілгеннен кейін, алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазіргі мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Балқан Есекейқызына берді.
Ол мектептің 2014-2015 оқу жылындағы қол жеткізген табыстары туралы салтанатты жиынға келген қонақтар мен ұстаздарды таныстырып, биылға оқу жылында «өте жақсы» деген бағамен бітірген 1-10 сынып оқушыоарына «Мақтау грамоталарын» және аудандық, облыстық түрлі байқауларда, сайыстарда, олимпиадаларда иеленген Мадақтамалар мен Дипломдарды тиісті оқушыларға салтанатты жағдайда табыс етті.
Сондай-ақ мұғплімдердің де жақсы жұмыстары аталып өтіп, Республика, облыс, аудан деңгейінде алған Мадақтамаларын табыс етті.
Айталық: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асан Ханзада мен тарих пәнінің мұғалімі Тасполат Рысты Ертайқызы Республикалық «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің , математика пәнінің мұғалімі Иманбет Күлсия, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әліш Эльмира Көпенқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балқан Есекейқызы «Оңтүстік Қазақстан облысының «Білім үздігі» төсбелгісімен марапатталса, басқа да ұстаздар бірі Мадақтама, бірі Диплом, енді бірі аудандық Мәслихаттың Грамотасымен марапатталып жатты.
Салтанатты жиында мектептің көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері әуелетіп әе шырқап, мың бұрала билеп, салтанаттың көрігін қыздыра түсті.
Салтанатты жиынға арнайы шақырылған аудандық білім бөлімінің әдіскері- , жерлесіміз, журналсит, әрі облыстық Қазынашшылық банктің қазақ тілі қоғамының төрайымы Шаһаризада Жорабекқызы Дәнеева, зейнеткер ұстаздар- Сатыбалдықызы Бибісара мен Жұмәділұлы Қыдырбайлар құттықтау сөз сөйледі.
Бітірушулер атынан жіне 1995 жылы осы мектептен түлеп ұшқан, бүгіндері әрқайсысы еліміздің түкпір-түкпірінде табысты еңбек етіп жүрген бітірушілер атынан Намазбаева Тұмар Әбішқызы сөйледі. Биылға 220 жылдан кейін бас қосып отырған қыз-жігіттер өздеріне алғаш қалам ұстау мен әліппенің әріптерін үйреткен, бастауышта ғылым негіздерінің алғашқы баспалдағынан нәр алуларына жан-тәнімен, беріле, бабалр жанын аялай білген, бұл күндері марқұм болған алғашқы ұстаздары-Жәкенова Перузада Жорабекқызының есімін мәңгіоікке сақтау мақсатында бір бастауыш сынып бөлмесін қазіргі ьалап деңгейінде безендіріп, оның кілтін табыс етті.
Жиынға келге қонақтар, ата-аналар бітірушілерге ақ тілкетерік айта отырып, баталарын беріп тарасты.
«Білім-Бұлақ» ақпарат
ҚҰРЫЛТАЙ БОЛЫП ӨТТІ
27 – мамыр күні Шымкент қаласындағы № 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаттың мәжілісханасында ОҚО «Білім саласының ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Құрылтайы болып өтті.
Құрылтайды ашып сөйлеген Айдар Таштанов бірлестіктің Жарғысымен таныстырды.
Бірлестіктің негізгі мақсаты-білім саласында қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің өмір тарихын, еңбек жетістіктерін, шығармашылығы мен орнықты ой-пікірлерін насихаттау, көпшілікке тарату болып табылады.
Жарғымен танысқан Құрылтайға қатысушылар: Пірматқлы Шаруа, Бәшенов Ұлықпан, Қабылбеков Аманкелді, т.б. өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Соңынан «Білім саласының ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бірауыздан Нышан Байғұтов, ал Тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Барлық облыс көлеміндегі ардагер ұстаздарға:
Осы бірлестікке мүше болуға келісетін зейнеткер-ұстаздар мына төмендегі берілген сұрақтар бойынша:
1. Өмірбаяндвқ мәлімет,
2. Марапаттау(мадақтама) қағазының толтырылған үшгісі,
3. Түрлі-түсті сурет(2 дана(
4. Баспадан жарық көрген еңбектері,
5. Орден, медаль куәліктерінің көшірмесі,
6. Алғыс және құттықтау хаттардың көшірмесі
Мына мекен-жайға: Шымкент қаласы, Қазиев көшесі, № 7 үй
№ 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп интернаты
Факс: 8 7252) 21-47-04
Тел: 8(7252) 21-17-02
Эл пошта:
Ардагерлер кеңесіне: Н.Байғұтқа, А.Таштановқа жіберу қажет.
«Білім-Юұлақ ақпарат»
Добавить комментарий