Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Дастарқаның әрқашан,
Нан-тұздан арылмасын.
Қонақжай көпшіл бол,
Пейілің тарылмасын.
Шаңырығыңды шаттық кернесін,
Бұл үйге жамандық енбесін.
Қораң толы мал болсын,
Алла Сіздерге жар болсын.
Бала-шағаң көп болсын,
Уайым – қайғың жоқ болсын.
Дастарқаның жиылмасын,
Жүзіңнен күлкі тиылмасын.
Дастарқаныңнан нан кетпесін,
Бәлекет бұл үйге жетпесін.
Ақ пейілді достарың көп болсын,
Ұрпағыңның қарны тоқ болсын.
Алланың нұры жауып,
Қыдыр ата келіп қонсын.
Бастарыңнан бақ таймасын,
Қазандарыңда үнемі ас қайнасын.
Жастарың жүзге келсін,
Алла тілегіңді берсін.
Басыңа бас қосылып,
Қуанышыңды бірге көрсін.
Берген батамды Алла қабыл етсін,
Ақ ниетіміз періштенің құлағына жетсін.
Әумин!
Қыдырбай Жұмәділұлы
Қажымұқан ауылының биі