Рубрика: Әңгімелер
-
Қос аққудай еді
Жаңа оқу жылы басталғалы бері балалары мектепалды даярлық тобына қуана баратын, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын, сондай-ақ өзінен кейінгілерге қарағанда мектеп ережесінен бұрынырақ «дәм татқан» бірінші сыныпқа қабылданған балалардың ата-аналарында тыным жоқ. Бірі баласын, бірі қызын,енді біреулері немересін жетектеп(«оққағар» сияқты) «№ 55 –жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне(бұрынғы «Тұрлан орта мектебі») алып келіп мұғаліміне табыстап, сабақтары…
-
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАРЛЫҒАШЫ
Тәуелсіздігіміздің таңы жарқырап атқанымен шапағы елді жылыта алмай тұрған кезі. Елімізде алып өндіріс орындарының, кәсіпорындардың жұмысы тұралап, ресей ақшасының құны төмендеп, елде айлығын, зейнетақысын, жәрдемақыларын ала алмай, басқа да әлеуметтік жағдайлардың шамадан тыс төмендеп кеткен уақыты, Әр жер, әр жерлерде түрлі шерулер бой көтеріп, мынадай шарасыз жағдайға төтеп бере алмайтындай күй кешіп жүргенбіз. Егемендігімізді алып,…
-
Складшы ата
Асанов Зиябай — 1920 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Ордабасы ауданының Қажымұқан ауылында дүниеге келген. Ол ағаның Шапатай (азан қойып берілген есімі Сапарәлі) деген інісімен менің әкем Жұмәділ түйдей құрдас, арасынан қыл өтпейтін сырлас досы болғандықтан жиі араласып тұратынбыз. Сондай-ақ, біздің үй мен Жолдас Мұқтардың үйінің арасында қалқоздың азық-түлік қоймасы болатын. Сол қойманың меңгерушісі қызметінде…
-
Аманатына адалдық
Ертеде бір кедей жігіт табанақы маңдай терімен адал еңбек етуінің арқасында табысы молайып, отбасылы, бала-шағалы болғаннан кейін, қажылық парызын өтеу үшін жаяулатып Меккеге қарай бет алыпты. Жол жөнекей өзінің қалтасындағы қаржысынан сақтық үшін жолда кездескен танымайтын бір-екі азаматтарға аманат етіп қалдырыпты. Тиісті парызын өтеп Мекке мен Мәдинаны біраз уақыт аралап, елге кері қайтарында әлігі аманат…
-
Мылтықсыз майдан (немесе тылда броньмен қалғандар)
Ұлы Отан соғысы басталып, ер азаматтар елімізді жаудан қорғауға қолына қару алып, түрлі майданда қанқұйлы жаумен жаға жыртысып, тіпті адам өлтіруді он ұйықтаса ойына алмаған өрімдей жас та, жасы қырықтан асқан салиқалы жігіт ағасы да амалдың жоқтығынан бетпе-бет келген жауды өлтіруге мәжбүр болды, олай етпесе өзі өледі. Міне, 1418 күнге созылған алапат соғысқа жасы да…
-
Су тартқышы құрысын
1913 жылы Николай патшаның Ресейде Романовтар әулетінің патша тағына отырғанына 300 жыл толуы құрметіне үлкен мерекелік іс-шара өткізіп, оған өзінің қол астындағы «бұрата-на халықтаң» да елге сыйлы байларын қонаққа шақырады. Сондай шақыруды Монтайтаста қа-лыпты өмір сүріп жатқан, Байлар-Жандардың мыңғырған малы бар Итаяқ деген бай кісісі де алады. Санк-Петербордағы ұлан-асыр тойға Итекең «тай тұяқ» алтын ала…
-
Қалай келдің қорықпастан?
Кеңестік дәуірден бұрын бабаларымыз мыңғырған төрт түлік малымен ен даланы жай-лап, бір ауылдан екінші ауылға қасына сөзден өрмек өретін шешендерін, қара өлеңнің майын ағызатын ақын-жырауларын, сондай-ақ білекті палуандары мен бірнеше атқосшыларын ертіп жүру беделді байлардың дәстүрі іспетті еді. Барған жерінде ауылының намысын қорғауға құралайды көзден ататын мергендерін, арқалы ақын-жырауларын, жауырыны жер искемеген палуандарын сайысқа салып,…