Рубрика: Баталар

  • Дастарқанға бата

    Дастарқанға бата

    от автора

    в

    Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Дастарқаның әрқашан, Нан-тұздан арылмасын. Қонақжай көпшіл бол, Пейілің тарылмасын. Шаңырығыңды шаттық кернесін, Бұл үйге жамандық енбесін. Қораң толы мал болсын, Алла Сіздерге жар болсын. Бала-шағаң көп болсын, Уайым – қайғың жоқ болсын. Дастарқаның жиылмасын, Жүзіңнен күлкі тиылмасын. Дастарқаныңнан нан кетпесін, Бәлекет бұл үйге жетпесін. Ақ пейілді достарың көп…

  • Жастарға бата

    Жастарға бата

    от автора

    в

    Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим Орта мектепті бітіріп, Қолына алды аттестат. Жастарға ақ жол тілейік, Қолыңды жай жамағат. Алла жолыңды оңғарсын, Періштелер қолдасын. Жоғары оқуға түскенде, Қыдыр болсын жолдасың. Үйден тысқары шыққан соң, Ата-анаңды ұмыт па. Жүз тілді таза білсең де, Қазақ тілін ұмытпа. Көше кезіп, сенделіп, Жүрмегін түнде клубта. Жаман істен алыс жүр, Жақсы іске жақын жүр. Білімнің…

  • Жас келінге бата

    Жас келінге бата

    от автора

    в

    Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим Қолыңды жай бата берейін, Сөз маржанын терейін. Махаббаттарың берік болып, Айың тусын оңынан. Шаңырақтарың шаттыққа толып, Күнің тусын солынан. Тіккен отаулары берік болып, Жас келін екі жыл сайын жүкті болсын. Керегесі кең болып, Іші сәбиге толсын. Төрт түлігің сай болып, Қораң малға толсын. Екі жасқа арамдық ойлаған, Көгермей,көктей солсын. Жас келін инабатты болып, Ата-ене,…