Книги

Біреудің Құдайдан сұрайтыны Сізсіз!

Өзіңді бағаламайтындарға уақытыңды ұттырма,
Сүймейтіндер мен күтпейтіндерге ұмтылма.
Көзіңе қалай да шөп салып, өзін сататындарға
Кенеттен «жаңа бұрылыс» жасайтындарға
Көз жасыңды қор қылма оны көрмейтіндерге,
Өзіңді қай кезде де іздеп керек етпейтіндерге.
Кешірім сұрап, қайта ренжітетіндерге
Өмірдің тек көлеңке жағын көретіндерге.
Өзіңізге қажетсіздерге күшіңізді қор етпеңіз,
Қайырымды болғансып, топырақ шашатынын сезсеңіз.
Жабайы қызғаншақтығының белгісін Сіз білсеңіз,
Тек өзімшіл, тәкаппарлығын жақсы білсеңіз.
Болмашыға ренжіп, өкпелеуі орынсыздарға.
Сөзіңізді қор қылмаңыз,оны тыңдамайтындарға .
Өзіңмен қатар жүріп, бірге тыныс алатындарға,
Сізбен бірге қосылып, жүрегі ауырмайтындарға.
Өмір мәңгілік емес, оны бекер өткізбеңіз,
Әрбір сағатты бағалаңыз біткенше деміңіз.
Мейлі бұл әлемде болмасаңыз да мінсіз,
Біреудің Құдайдан сұрайтыны Сізсіз!

(орыс тілінен аударған Қыдырбай Жұмәділұлы)