Ұл-қыздарың өткізді жылдығыңды,
Құда-жекжат таныстар көп жиылды.
Ауа райы ашық боп жанға жайлы,
Жаумақ болған жаңбыр да сап тиылды.
Бәрі келді аға-іні, сіңлілерің,
Нағашыларым менің де, жиендерім.
Ортақ болып қайғыма құдаларым,
Көңілімді аулап келгендерін көрдім.
02.10.2012 жыл түнгі 22 сағат 35 мінөт.