Өзің кетіп, мәңгілікке
Мені артыңда қалдырдың.
Жалғыздықтан жапа шегіп,
Басыма төнді қайғы-мұң.
Өмір-өзен толқынында,
Жүрмін жүзіп, әйтеуір.
Көндіге алмай ырықына,
Тірі жанмын, мен де бір.
Ас өткізді ұл-қыздарың,
Туыстарың жиналып.
Сені ойлап, есіме алып,
Мен отырдым қиналып.
Ауыр ойлар езіп мені,
Бой жаза алмай отырдым.
Сырттай күліп, іштей жылап,
«Қасып» жүрек «қотырын».
Деуші едің:-Ерте өлсем,
Аласың –ау үйленіп,
Ал сен өлсең менен бұрын,
Отырамын үй болып.
Деуші едік: -Бір жүрейік,
Ұзақ жасап өмірде.
Шат-шадыман, қуанышпен,
Кір жуытпай көңілге.
Алла бізге бұйыртпады,
Бірге ұзақ жүруді.
Қол ұстасып,шат-шадыман,
Сен-мендесіп тұруды.
01. 10. 2012 жыл түнгі 22сағат 35 мінөт.