Автор: qydyr

  • Біреудің Құдайдан сұрайтыны Сізсіз!

    Біреудің Құдайдан сұрайтыны Сізсіз!

    от автора

    в

    Өзіңді бағаламайтындарға уақытыңды ұттырма, Сүймейтіндер мен күтпейтіндерге ұмтылма. Көзіңе қалай да шөп салып, өзін сататындарға Кенеттен «жаңа бұрылыс» жасайтындарға Көз жасыңды қор қылма оны көрмейтіндерге, Өзіңді қай кезде де іздеп керек етпейтіндерге. Кешірім сұрап, қайта ренжітетіндерге Өмірдің тек көлеңке жағын көретіндерге. Өзіңізге қажетсіздерге күшіңізді қор етпеңіз, Қайырымды болғансып, топырақ шашатынын сезсеңіз. Жабайы қызғаншақтығының белгісін Сіз…

  • Мылтықсыз майдан (немесе тылда броньмен қалғандар)

    Мылтықсыз майдан (немесе тылда броньмен қалғандар)

    от автора

    в

    Ұлы Отан соғысы басталып, ер азаматтар елімізді жаудан қорғауға қолына қару алып, түрлі майданда қанқұйлы жаумен жаға жыртысып, тіпті адам өлтіруді он ұйықтаса ойына алмаған өрімдей жас та, жасы қырықтан асқан салиқалы жігіт ағасы да амалдың жоқтығынан бетпе-бет келген жауды өлтіруге мәжбүр болды, олай етпесе өзі өледі. Міне, 1418 күнге созылған алапат соғысқа жасы да…

  • Су тартқышы құрысын

    Су тартқышы құрысын

    от автора

    в

    1913 жылы Николай патшаның Ресейде Романовтар әулетінің патша тағына отырғанына 300 жыл толуы құрметіне үлкен мерекелік іс-шара өткізіп, оған өзінің қол астындағы «бұрата-на халықтаң» да елге сыйлы байларын қонаққа шақырады. Сондай шақыруды  Монтайтаста қа-лыпты өмір сүріп жатқан, Байлар-Жандардың мыңғырған малы бар Итаяқ деген бай кісісі де алады. Санк-Петербордағы ұлан-асыр тойға Итекең «тай тұяқ» алтын ала…

  • Қалай келдің қорықпастан?

    Қалай келдің қорықпастан?

    от автора

    в

    Кеңестік дәуірден бұрын бабаларымыз мыңғырған төрт түлік малымен ен даланы жай-лап, бір ауылдан екінші ауылға қасына сөзден өрмек өретін шешендерін, қара өлеңнің майын ағызатын ақын-жырауларын, сондай-ақ білекті палуандары мен бірнеше атқосшыларын ертіп жүру беделді байлардың дәстүрі іспетті еді. Барған жерінде ауылының намысын қорғауға құралайды көзден ататын мергендерін, арқалы ақын-жырауларын, жауырыны жер искемеген палуандарын сайысқа салып,…

  • Дастарқанға бата

    Дастарқанға бата

    от автора

    в

    Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Дастарқаның әрқашан, Нан-тұздан арылмасын. Қонақжай көпшіл бол, Пейілің тарылмасын. Шаңырығыңды шаттық кернесін, Бұл үйге жамандық енбесін. Қораң толы мал болсын, Алла Сіздерге жар болсын. Бала-шағаң көп болсын, Уайым – қайғың жоқ болсын. Дастарқаның жиылмасын, Жүзіңнен күлкі тиылмасын. Дастарқаныңнан нан кетпесін, Бәлекет бұл үйге жетпесін. Ақ пейілді достарың көп…

  • Жастарға бата

    Жастарға бата

    от автора

    в

    Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим Орта мектепті бітіріп, Қолына алды аттестат. Жастарға ақ жол тілейік, Қолыңды жай жамағат. Алла жолыңды оңғарсын, Періштелер қолдасын. Жоғары оқуға түскенде, Қыдыр болсын жолдасың. Үйден тысқары шыққан соң, Ата-анаңды ұмыт па. Жүз тілді таза білсең де, Қазақ тілін ұмытпа. Көше кезіп, сенделіп, Жүрмегін түнде клубта. Жаман істен алыс жүр, Жақсы іске жақын жүр. Білімнің…

  • Жас келінге бата

    Жас келінге бата

    от автора

    в

    Бисмил-лаһи-ир-раһмани-ир-раһим Қолыңды жай бата берейін, Сөз маржанын терейін. Махаббаттарың берік болып, Айың тусын оңынан. Шаңырақтарың шаттыққа толып, Күнің тусын солынан. Тіккен отаулары берік болып, Жас келін екі жыл сайын жүкті болсын. Керегесі кең болып, Іші сәбиге толсын. Төрт түлігің сай болып, Қораң малға толсын. Екі жасқа арамдық ойлаған, Көгермей,көктей солсын. Жас келін инабатты болып, Ата-ене,…