Автор: qydyr
-
Жаныңа жалау
Қалима, білем қорқыныш, қауіпіңді, Ойыңды, мазалайтын әрбір күнгі. Танымайтын, бір көрген адамыңа, Отырсың ба айта алмай келісіміңді. Жаныңа жалау болып желбірер ем, Егер де аққуым боп маған келсең. Көзіңе жас, көңіліңе кірбің түсірмей, Тек қана жарқын жүзбен күліп жүрсең. Жүрсің ғой жалғыздықтан жапа шегіп, Еркектің қажеттігін күнде көріп. Екеуіміз шат-шадыман жүрер едік, Тірек боп, бірі-бірімізге…
-
Жаным, Камшат! Туған күнің құтты болсын!!
Жаным, Камшат!!! Туған күнің құтты болсын!!! Өмірде бақытты болуыңа нағашы атаң Қыдырбай өмір-бақи тілектестігін білдіреді. Толыпсың он тоғызға Камшат қызым, Көре бер өмірдің сыйлар бар қызығын. Жете бер алға қойған мақсатыңа, Табысты бола берсін әрбір күнің! Жастық шақ өте шығар бір күндей боп, Құлпыра бер шешек жарған жас гүлдей боп. Алланың берген жасын жасай бергін,…
-
«Алтын күз» Таныстыру
550 жыл болды Қазақ хандығына, Тәуелсіз ел де болдық өз алдына. Елбасы бізге жолды нұсқап отыр, Арнайы жыл сайынғы Жолдауында. Мектебім Жамбыл ақын есімінде, Түрлі сайыс өтеді мұнда күнде. Ұстаздар терең білім беріп жатыр, Болашақтың тірегі мына бізге. Ауданда абыроға ие мектебім, Үлесім бар жақсы оқып, қосқан менің. «Алтын күз» сайысының дүбіріне, Сайланып, дайындықпен мен…
-
Сәлімбайға барғанда
Ақыртөбенің жанында Бірлес деген, Ауылға жыл аралатып талай келгем. Ынтымағы жарасқан, еңбексүйгіш, Ақ көңіл тұрғандарын жиі көрем. Бұл күнде бұл ауылда өзгеріс көп, Ауылды да өзгертіпті Сәлімбай деп. Шатыры күн сәулесімен жалтылдаған, Еңселі, жаңа жобалы үйлер де көп. Кездестік біздер бүгін Сәлімбайда, Қанықтым мұнда келіп, біраз жайға. Тырнақ алды жинағын Нәзира қыз, Тарту етті көкесі…
-
Бәрі келді аға-іні, сіңлілерің
Ұл-қыздарың өткізді жылдығыңды, Құда-жекжат таныстар көп жиылды. Ауа райы ашық боп жанға жайлы, Жаумақ болған жаңбыр да сап тиылды. Бәрі келді аға-іні, сіңлілерің, Нағашыларым менің де, жиендерім. Ортақ болып қайғыма құдаларым, Көңілімді аулап келгендерін көрдім. 02.10.2012 жыл түнгі 22 сағат 35 мінөт.
-
Ауыр ойлар езіп мені
Өзің кетіп, мәңгілікке Мені артыңда қалдырдың. Жалғыздықтан жапа шегіп, Басыма төнді қайғы-мұң. Өмір-өзен толқынында, Жүрмін жүзіп, әйтеуір. Көндіге алмай ырықына, Тірі жанмын, мен де бір. Ас өткізді ұл-қыздарың, Туыстарың жиналып. Сені ойлап, есіме алып, Мен отырдым қиналып. Ауыр ойлар езіп мені, Бой жаза алмай отырдым. Сырттай күліп, іштей жылап, «Қасып» жүрек «қотырын». Деуші едің:-Ерте өлсем,…
-
Анашым
Көз көрді ес білгелі, әр ісіңізді, Біріктіре білдіңіз келін-абысынды. Қай кезде де еркін ұстап өзіңізді, Байқамаппын жүзіңізден қайғы, мұңды. Есімін тура атамай үлкен-кішінің, Дәстүрдің эталоны едіңіз үлгісінің. Қайынаға, мырзаға деп көрген жерде, Алдын кесіп өтпепсіз ер кісінің. Есімін тура атамай еріңіздің, Беделін жоғары көтеріп Піріңіздің. Есік ашық, дастарқан жаюлы еді, Берекесі екенсіз ғой үйіміздің. Аңқылдақ,…
-
Әкеммен әңгіме-2
-Шақырып жатыр әкең- сені- деді анам, Шақырса әкем, бармай қалай тұра алам. Кешікпей бөлмесіне жатқан жетіп бардым, Айтатын сөзім бар, отыр- деді маған. -Бөлмедік біз руға ауылда адамдарды, Жасадық бірге, ел үшін жақсы қадамдарды. Жақсы ісімен елге сыйлы болып жүрген, Қолдадық, кері тартпай іні-ағаларды. Шөп біргәдірмін және кәмәсия төрағасы, Әзілдейтін мені құрдастар «қалқоз айнасы». Кемшілікті…
-
Әкеммен әңгіме-1
О,сорлы! — деп бастаушы ең ашулансаң, Сорлы-ай!- деп те айтушы ең бір қуансаң. Сорлы сөзі екі ойыңды білдіретін, Бұл күндері өткенді еске алсам. Жақсы еді таяқтап ұрып жықсаң, Ең болмаса ашуланып бір боқтасаң, Не ұрмапсыз, болмаса боқтамапсыз, Көз жүгіртіп өткенге қарап тұрсам. Ашуланып айтқаның «сорлы» деген, Бірдей екен таяқпен сабағанмен. Арқа сүйеп өзіңе кеуде соғып,…
-
Сағыныш
Жыл толады, өзің жоқсың қасымызда, Қайғы бұлты тарқамай тұр басымызда. Өзіңді ойлап қабырғасы қайысады, Әулеттегі кәрі мен жасының да. Әулеттің алып, биік бәйтерегі ең, Ақжарқын, шат күлкілі, пейілі кең. Қара жер қойынына алып кетті, Ауруыңа неше түрлі қолдансақ та ем. Пәпін деп еркелетіп атаушы едім, Ашулансаң райыңнан тез қайтушы ең. «Алтын тойда» жақындап қалды десем,…