Книги

Әкеммен әңгіме-2

-Шақырып жатыр әкең- сені- деді анам,
Шақырса әкем, бармай қалай тұра алам.
Кешікпей бөлмесіне жатқан жетіп бардым,
Айтатын сөзім бар, отыр- деді маған.
-Бөлмедік біз руға ауылда адамдарды,
Жасадық бірге, ел үшін жақсы қадамдарды.
Жақсы ісімен елге сыйлы болып жүрген,
Қолдадық, кері тартпай іні-ағаларды.
Шөп біргәдірмін және кәмәсия төрағасы,
Әзілдейтін мені құрдастар «қалқоз айнасы».
Кемшілікті жөндеуге барымды салдым.,
Өзіме емес, оның қалқозға тиді пайдасы.
Келді суыт бір күні обл НКВД-ден,
Сөйтсек біреулер үстімнен арыз берген.
Жеке-жеке жауап алды әр адамнан,
Кезегі жауап беру маған да келген.
-Қарап шықтым нарядтарды, құжаттарды,
Бірігәдірлік етіп жасаған есеп-қисаптарды.
Төраға ретінде қойыпсың сен қолыңды,
Содан өнімдер есептен шығарылды,.
Сұрадым жігіттерді жеке-жеке,
Біреулері отыр сені ащы кекете.
Алдымен мына қолды сен қойдың ба?
Олай болса, сенікі үлкен қате-
Деді де көрсетті маған есептерді,
Қол қою сәті көз алдыма елестеді.
Еш уақытта бірінші боп қол қоймадым,
«Дұшпандарым» бұл жерде жіберді есе,
Отыр арыз жазғандар арамызда,
Күтіп тұрмыз байланып НКВД-ға.
Жөткірініп алды да тексеруші,
Тоқтады өзі жасаған қорытындыға.
-Тексердім арыз бойынша қалқозыңды.
Жүзеге асырылуда екен істер оңды.
Жұмыс бар жерде болады кемшілік те,
Жақсы істермен оның орны толды.
Тексеру кәмәсияның шешімі дұрыс емес,
Деп жазыпсыңдар арада туып егес.
Бәрің де осы шешімге жауаптысың,
Неге арыз туындады, алып белес.
Бәрің де қол қойдыңдар бұл шешімге,
Көңілдерің толмай отыр әлденеге.
Алдымен кәмәсия қол қоймаған,
Біліп тұрып туындады арыз неге?
Байқаймын бұл жігіт ауылда жеке екен,
Біріңе жиен, біріңе нағашы, құда екен.
Соншалықты шүйілетіндей қылмысы жоқ,
Бұл азаматтың ісі ақ, жолы бекем.
Қайтыңдар райларыңнан татуласып,
Іс істеңдер ізгілікті бәрің мақұлдасып.
Арыздарыңа қанша рет шұқшисам да,
Қате таппадым жұмыстан бәрін ашып.
Қажет болса біргәдірлікті алсын дейді,
Кәмәсиялықты да берейін, қойдым дейді.
Адал ниетпен қалқозды қорғаласам,
Қарсылыққа кездестім, тойдым дейді.
Сөз алды қалқоз бастық Ертай аға,
Талабы бірдей еді барша жанға.
Ол кісі де кей-кейде жақпайтұғын,
Турасын айтамын деп қалқозшыларға.
-Жұмәділ жетім еді, мен де жетім,
Адал еңбегіммен осы дәрежеге жеттім.
Қалқоздың абыройын асқақтатып,
Тер төгіп күндіз-түні қызмет еттім.
Жазылған мына арыз негізсіз ғой,
Бәріміз ортақ шешіммен келістік қой.
Есепке қол қойғанда сен де барсың,
Көріп тұрып шындықты көз жұмыпсың.ғой.
Жұмысқа кедергі жасап отырасың,
Айтшы қане, мұнымен не ұтасың?
Шығар депсің тайыншаны жекешелеп,
Неге кәмәсия заңсыздыққа жол беред.
Болмайды дегеннен соң Жұмәділге,
Жүр екенсің пікір сақтап, өкпелеп.
Турасын айтқан екен ащы етіп,
Сөзі қатты тиіпті, сүйектен өтіп.
Өз ісіңнен тағылым ала алмай,
Отырысың мынау шектен кетіп.
Ауыз бірлік бар жерде жау алмайды,
Жақсы істер кемшіліксіз де болмайды.
Жолдас НКВД өкілі бізге сеніңіз,
Алдағы уақытта түзетеміз біз ондайды.
Ал енді татуласып, қол алысқын,
Біріңді бірің қауышып, құшақтасқын.
Ауыл іші қашан да мамыра жай боп,
Бұл кемшілік сыртқа шықпай қалсын-
Деп Ертай өзі бастап қолын берді,
Бәрі қостап, жарқын жүзбен келді.
НКВД өкілі көптің жарасымдылығын
Көрген соң істі қысқартып, қолын қоя берді-
Деп әкем шамалы уақыт дамылдады,
Ойланып өткен күндерін есіне алды.
Аққа Құдай жақ деген түсін балам,
Солай Ертай жаладан қорғап қалды.
Енді міне, алпыс жылды сап араға,
Мұрағатта көз салдым құжаттарға.
Мәжілісхатты тауып алып әкем айтқан,
Таныстым бас көтермей қайта-қайта.
Құжаттан сонда менің түсінгенім,
Біреуге берген екен үлескі жерін.
Иесі қалқозымыздан мүлдем кеткен,
Қалдырып үйіргелік жеке жерін.
Көп болған сол жерді елде сұрағандар,
Күнде келіп кеңсенің есігін қаққандар.
Жалпы жиналыс дұрыс шешім шығарар,
Деген сөзге табылған құлақ аспағандар.
Жалпы жиналыс өтіпті кең клубта,
Әркім-ақ сөз сөйлепті әділ,тура.
Шешіммен сол үлескі жер беріліпті,
Жаңадан мүше болған жас отауға.
Осыдан соң арызға қанат бітіп,
Аудан тұрмақ облысқа да жетіп,
Тексеріп келген кәмәсия шешімді оқып,
Қате таппай шешімнен жүреді кетіп.
Ең соңғы арыз түсіпті НКВД-ға,
Шұқшия тексеріпті арызды ол да.
Соңында басын жиып барша жұрттың,
Келіпті жоғарыдағыдай қорытындыға.
-Адал болсаң ісіңе өкінбейсің,
Қанша отқа салса да, шын күймейсің.
Сондықтан әр ісіңе есеп бергін,
Досыңнан дұшпаның көп оны білгейсің-
Дегенді қосты әкем еске салып,
Жүрдім оны жұмыста ойға алып.
Кейде жұмыста қателікке жол беріп,
Есті жидым, құлауға сәл-ақ қалып.

Қыдырбай Жұмәділұлы.
24.07.20012 жыл.