Книги

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАРЛЫҒАШЫ

Тәуелсіздігіміздің таңы жарқырап атқанымен шапағы елді жылыта алмай тұрған кезі.

Елімізде алып өндіріс орындарының, кәсіпорындардың жұмысы тұралап, ресей ақшасының құны төмендеп, елде айлығын, зейнетақысын, жәрдемақыларын ала алмай, басқа да әлеуметтік жағдайлардың шамадан тыс төмендеп кеткен уақыты, Әр жер, әр жерлерде түрлі шерулер бой көтеріп, мынадай шарасыз жағдайға төтеп бере алмайтындай күй кешіп жүргенбіз.

Егемендігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға шүкіршілік етіп қуанғанымызбен әл-еуметтік жағдайдың төмендеп, шаруашылықтар мен өндіріс орындарының тоқтауы, адамдардың жұ-мыссыз қалуы, ертеңгі күніміздің не болатынына сенімсіздік те тудыра бастағандай, осындай да елді сабырлылық пен ынтымақтастыққа шақырған Елбасымыздың сабырлы сөзі болашағымызға се-німділігімізді бекіте түседі.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры енді беки бастаған 1992 жылдың мамыр айының ортасы еді. Шымкентте үш күндік семинарға қатысып, ауылға келдім. Үйде түскі ас үстінде жұбайым Пәрбікүл (марқұмның жатқан жері жайлы болсын!)  мені Сәкен деген бұрынғы оқушымның екі-үш рет іздеп келгенін айтты. Қандай жұмыспен іздеп жүр екен деп ойландым да, артынша ұмытып кеттім.

Араға екі күнді салып мектептен түскі үзіліске Әділхан Толыбаев ағай (марқұм) екеуіміз бірге қайттық.  Мектептің ауласынан көшеге шыққанымызда алдымызға бір шетелдік жеңіл көлік көлденең тоқтай қалды да, ішінен Сәкен (азан шақырып қойылған есімі Советбек) Елбасиев деген ауылдың азаматы түсе сала алдымен Әділхан ағаны, одан кейін мені құшақтап, қос қолдап сәлемдесіп, жағ-дайымызды сұрап, «іші-бауырымызға кіріп барады», көлігіне қарай сүйрелей жөнелді.

-Үйіміз жақын, ағай екеуіміз әңгімелесіп жаяулатып-ақ барамыз- деп тартқыншақтаған едік, Сәкен қояр да –қоймай :

-Сіздерді көріп тұрып, тоқтамай өтіп кетуге менің арым бармады. Отырыңыздар, оқушылар-ыңыздың Сіздердің арқаларыңызда азамат болып, мынадай көлікті табанақы, маңдай терімен тап-қанына қуаныңыздар, Сіздердің берген сапалы білімдеріңіз бен саналы тәрбиелеріңіздің жемісі бұл,-деп күліп көлігіне мінгізіп алды.

Әділхан ағай Сәкеннің жанына, ал мен олардың артқы жағындағы отырғышқа отырдым. Есікті ашып, отыруға ыңғайланғанымда отырғыштың алдыңғы жағында ұзынынан жатқан шетелдік мыл-тықты көріп қалдым. Жайғасып отырғаннан кейін Сәкенге:

— Айналайын-ау, мынауың не бәле?- деп мылтықты көрсетіп күлдім. Ол мылтықтың винчестер деп аталатынын және қолдану тәсілін айтып жатыр. Әділхан ағай мен екеуінің арасында дипломат тұр еді, Сәкен оны ашып, ішіндегі шетелдік банкноттарды(доллар-оны сол жерде бірінші рет көріп, қол-ыммен ұстаған едім) көрсетіп, адал еңбегінің арқасында осындай молшылыққа қол жеткізгенін түсіндірді.

Өзі жайлы қысқаша айтып, көлігін оталдырды да, Әділхан ағайды үйіне апарып салуға бет бұрды. Үйімнің тұсынан түсіп қалмақшы болып едім,

-Ағай сіз отыра тұрыңыз, өзіңізді екі-үш мәрте іздеп келіп жолықтыра алмай кеткен едім, бүгін сәті түсті. Ақылдасатын әңгіме бар,- деп айтып болғанша Әдекеңнің үйіне де келіп қалдық. Ол кісі «үйден дәм татыңдар» деп шақырғанына Сәкен асығыс екен, кері қарай бұрылып жүрдік. Біздің үйден өтің-кіреп барып тоқтаған Сәкен:

-Ағай, еліміздің Тәуелсіздік алғаны бабаларымыздың ең асыл да қол жеткізе алмай кеткен арман-дары еді. Міне, Аллаға шүкір Тәуелсіз ел болдық, дегенмен қай нәрсенің болмасын алғашқы кезде қиыншылықтары болады ғой, Алла бұйыртса, әлі-ақ әлемге әйгілі ел боламыз. Өзіңіз білесіз қазір мемлекеттің қалтасында соқыр тиын жоқ, барын дәл бүгінгі таңда мектептің жағдайын көтеру үшін бере қоюы екі талай, зейнеткерлердің зейнетақысы, жұмысшылардың еңбекақысы, жарамсыздық парағы бойынша төлем төлеуге мүмкіндік жоқ, сондықтан менің өз адал еңбегіммен тапқан қаржы-ларым бар, Сіздің бізге бір кезде сынып жетекшісі болғаныңызды, осы күні мектепке басшылық жасап жүргеніңізді, әсіресе, адалдығыңызды ескеріп, мектепке қолма-қол да, банктен шот ашсаңыз қаржы аударып та көмек қолын созсам деп ойланып жүрмін. Тез арада аудандық банктен  арнайы шот ашыңыз, сол шотқа тиісінше қаржы аударып отырамын, Сіз өз тарапыңыздан сол қаржыны мектептің барлық қажетіне орнымен жұмсай алады деген сеніммен келіп отырмын,- деді.

-Айналайын, Сәкенжан-ау, сенің берген қаражатыңның өтемін қалай қайтарамыз. Бағып беретін қоралы қойың, күтіп-баптайтын бау-бақщаң, өсіріп отырған жүгері, мақтаң жоқ, бір күні ауылдың балалары, мұғалімдері құлақтарынан тізіп, құл болып кетпейік,-деген қауіпіме

-Одан қорықпаңыз, Сізден, мұғалімдерден өтемақы сұрамаймын. Қаржыны мен «безвозмездно-қайтарымсыз» беремін және қаржыны қалай,қайда жұмсағаныңыз туралы  есеп сұрамаймын, айттым ғой, Сіздің адалдығыңыз бен пейіліңізге ғана сенемін. Тез арада банктен мектебіңіздің атына жеке шот ашып, оны маған берген күні қаржыны аударып беремін,-деп жүруге ыңғайлана бастады.

-Мен ойланайын, мұғалімдермен келісейін, тікелей жеке шешім қабылдауға батылым бармай тұр-ғаны, деген қауіпімнен әлі де арыла алмай жауап бердім,. Сәкен:

-Тездетіп бір хабарын беріңіз, есепшот ашсаңыз Шымкент қаласындағы менің   «Бақыт»  жеке кәсіп-орны деген офисіме жеткізерсіз,-деп қолын ұсынып, қоштасып көлігін оталдырды. Мәселені бір-екі аптаның ішінде шешетінімді айтып көліктен түсіп қалдым.

Ертеңіне «Коммунизм»(қазіргі «Ынталы») ауылында тұратын Құрасбек Мәуленов деген заңгер досыма бардым. Ол жас кезінде Балықшыдағы балалар санаторийінде көбірек емделіп, сол жерде орыс тілінде оқып, кейіннен ауылға келгенінде бір мектепте параллель сыныпта бірге оқыған едік. Қазақтың «қ», «ғ», «ң» т.б. әріптерін өз үнімен айта алмайтын. Сәлемдескеннен кейін:

-Ну, Кыдырбай , сен маган бекер келген жоксын гой, айта бер жумысынды,- деді күліп. Өз тара-пымнан Елбасиев Сәкен Төлепбергенұлы деген оқушымның мен арқылы мектепке демеуші болып, қомақты қаржыны «безвомездно-қайтарымсыз» беремін және оны қалай, қайда жұмсағаныңыз ту-ралы есеп сұрамаймын, мектептің атына аудандық банктен есепшот ашыңыз, соған қаржы сала-мын», деп отыр, заңгерсің ғой, маған түсіндірші, ертеңгі күні халықтың балаларын ұлардай шулатып, мұғалімдерім мен ауыл тұрғындарының наласына қалмаймын ба?-деген едім, ол:

-Калтанда канша акшан бар, «безвозмездно-қайтарымзсызды» түсіндірейін,-деді. Қалтамнан бір-неше дана банкнотты суырып алып шықтым(бір үш сомдық, жеті бір сомдық-барым да сол еді) .

Сыртта шамалы самал соғып тұрған болатын.

-Ну, директор жолдас, шыгарсай баска да акшаларынды,-деп күлген Құрасбек қолымдағы әлігі сегіз дана банкнотты алып, жоғары көтеріп тұрып шашып жібергенде сегізі сегіз жаққа желмен ұша жөнелді.

-Ей, жындысың ба? –деп мен әлігі ақшаларымды әр жерден теріп алып келдім. Ол болса рахаттана күліп тұр еді.

-Кыдырбай, кордін бе, сен он сомынды желге шашканымда «ішін удай ашып» тура жугіріп жинап алдын, ал окушын Сакен болса, саган сеніп миллиондап акшаны осылай мектепке шашпакшы. Саган сенді ме, сен де онын сенімін акта, берген каржысын орнымен жумса, «кылгытушы болма». Енді «безвозмездно-кайтарымсыз» дегенді тусіндін бе?, корыкпай тиісті есепшотынды ашып, берген каржысын ауыл балаларынын игілігі ушін жумсай біл. Ал, ісіне саттілік тілеймін,- деді .Сондай-ақ, Сәкеннің берген қаржысын жұмсауда жеке шешім қабылдамауды, қай кезде де, қандай жағдайда да мектептегі кәсіподақ комитетінің мүшелерімен ақылдасып, ұжымыңа қаржының қайда, қандай мақ-сатқа жұмсалғанын міндетті түрде ашық айтып, есеп беріп отырғын деген ақылын да айтып өтті.

Мектепке келгеннен кейін үлкен үзілісте Сәкеннің ұсынысын ұжымға айтып, аудандық банк-тен есепшот ашатын болдық, есепші етіп, мамандығы есепші болғанымен мектепте хатшы қыз-метінде жүрген Құрманкүл Нұршабайды бекіттік те, қажетті құжаттарды дайындауға орталыққа жібердік. Көп ұзамай банктен есепшот та ашылды. Оны Сәкенге көрсету үшін Шымкент қаласына тартып отырдым. «Қазақстан» кинотеатрының алдындағы көпқабатты үлкен үйдің ішінде Сәкеннің «Бақыт» жекек кәсіпорны деген офисін іздеп келемін. Көп ұзамай таптым-ау. Есігі ашық тұр екен, Сәкен төрде  біреумен телефон арқылы сөйлесіп отыр. Ішке кіре бергенімде екі жақтан еңселі екі жігіт алдыма көлденең тұра қалды, шынымды айтсам, сескеніп қалдым(сөйтсем «оққағарлары» екен ғой), осы кезде Сәкен байқап қалып орнынан ұшып тұрып:

-Жіберіңдер, бұл ағай ауылдағы мектептің директоры, бұрынғы менің сынып жетекшім, -деп түсіндіре жүріп келе мені қапсыра құшақтап сәлемдесіп,қолтығымнан ұстап алып, қасына орындыққа отыр-ғызды, ауылдың, мектептің өз басымның жағдайын сұрап отырып, столындағы тетікті басқанында көп ұзамай бір жап жас сүйкімді орыс қызы жетіп келді (қысқа белдемше киінген) мұндай қыздарды шетелдік киноленталарда офисте қызмет ететіндерін көргенім болмаса, өмірімде бірінші рет өз көз-іммен көріп, Сәкен оқушымның жаңа заман ағымына бейімделіп қалғанына сүйсіндім.. Сәкен оған екі стақан кофе әкелуді тапсырып жатып:

— Ағай қара кофе ішесіз бе, әлде қант қосылған сүті барын әкелсін бе,-деп кейінгісін екеуімізге әкелуді және офистегі барлық қызметкерлерді шақырып келуді тапсырды.

Көп ұзамай Сәкеннің кабинетіне барлық қызметкерлері жиналды, олардың басым бөлігін мен жақсы таниды екенмін, қол алысып сәлемдесіп, құшақтасып жатырмыз, олар да ауылдың жағдайын сұрап жатыр. Сәкен:

— Ал, жігіттер мен қыздар, өздерің білесіңдер ауылдағы мектепке демеушілік жасайық деп айтқан едім ғой, мынау Қыдырбай ағай ауылдағы мектепте директор, бұрын сегізжылдықта оқып жүргенімізде бізге сынып жетекшісі болған, мен осы ағай арқылы ауылдағы мектептің материалдық-техникалық жағдайын көтерсем, ауыл балаларына шәкіртақы, озат мұғалімдерге сыйақы берсе, мектептің жөндеу жұмыстарына берген қаржымызды орнымен жұмасйды  деп сеніп отырмын, қалада каратэ де шотакан спортына да демеушілік, мешіттерге қайырымдылық жасап отырмыз ғой, мен осы ағайға сеніп, есепшот ашуды сұранған едім, міне алып келіпті, дәл қазір елу мың сомды аударғын, мектептің ішкі қажетіне пайдалана берсін, алдағы кезде қомақты қаржыларды аударатын боламыз,-деп есепшоттың тиісті құжаттарын есепшісінің қолына ұстатты. Қызметкерлерінің бәрі шығып кеткеннен кейін Сәкенге қысыла отырып мүмкіндік болса қазір он мың сомды нақты беруін, оны мектепке радиоторабы үшін жұмасйтынымды айтып едім, әлігі хатшы қызды шақыртып, есепшінің келуін тапсырды, есепші келгеннен кейін оған он мың сомды қазір маған беруін айтты. Есепші  артық сөзге келген жоқ, Сәкеннің кабинетінде тұрған сейфті ашты д,а он мың сомды менің алдыма қойды.

Жаздың күні ғой тек көйлекпен барғанмын. Есепші сейфтен шетелдік телефонның қорабын алып шығып, ішіндегі аппаратын сейфтің ішіне қойып, орнына әлігі он мың сомды салып беріп жатып:

-Көлігіңіз бар ма, деп сұрады. Мен қоғамдық көлікпен келгенімді айтқанымда,

-Байқаңыз, қолтығыңыздағы мына қорапты телефон екен деп біреулер тартып алып кетпесін,-дегені.

-Қазір қайда барасыз, менің көлігімді бір жолдасым сұрап әкеткен еді, шамада бір сағаттан кейін келеді, әлігі алатын затыңыз дайын ба, жүргізушім сізді сол затыңызбен ауылға жеткізіп салады,-деген еді Сәкен. Мен Крегер(қазіргі Майлықожа атындағы көше) көшесінде тұратын нағашымның үйіне бір жұмыспен баратынымды айттым. Олар тиісті мекен жайды нақты жазып алды. Араға бір сағат уақытты салып, маған Сәкеннің жүргізушісі келіп, екеуіміз әлігі радиоторабын беретін жігіттің жұмыс орнына барып, тиісті заттарымды алып ауылға келдік. Бір-екі күннен кейін әлігі падиоторабын іске қосып алдық.

Есепшотымызға тағы да жүз елу мың ақша түсіпті. Шымкентке бір жұмыспен шаруашылық жөніндегі орынбасарым Әмірхан Сейфоллаұлы Досмаханбетпен барғанымызда Сәкеннің офисіне кіріп сәлемдесіп, жіберген қаржысы үшін рахмет айтқалы ішке кіргенімізде Сәкеннің «Жақсы Нұреке, алдағы уақытта хабарласып тұрамыз ғой» деп телефон тұтқасын орнына қойғанын көрдім, ол орнынан атып тұрып күлімсірей қарсы алып, бір-бірімізбен құшақтасып жатырмыз. Орындыққа жайғасқаннан кейін Сәкен әлігінде ғана Арыс қаласындағы облыстық ірі жабдықтау мекемесінің бастығы Нұралы Күнқожаевпен сөлескенін айтқанында

-Айналайын, Сәкен, сол Нұралыны жақсы танисың ба? Оның қоймаларында бізге өте қажет қазан-дықтың двигательдері, басқа да заттар бар, бірақ олардың бәрі шаруашылықтарға арналған деп мектептерге бермейді, бізді маңына жолатпайды, әлігі заттарды көзімізбен көріп, сілекейімізді жұты-нып қайтамыз,-дегенімде ол телефон тұтқасын қайтадан қолына алып тиісті нөмірді теріп:

— Нұреке, мен ғой, Сәкен. Мен ауылымдағы мектепке демеушілік жасап жатырмын, мүмкіндік болса, сол мектептің директоры Сізге сенімхатпен барады, мектепке қажетті заттарын қанша аламын десе де қолын қақпай босатарсыз, Сіздің есекпшотыңызға аударылған қаржымыз бар ғой, тағы да аударамын,-деді. Содан кейін хатшысын шақырып тез бас есепшісінің сенімхаттан молдау алып келуін тапсырды, бас есепшісі бір уыс сенімхат әкелгенінде оларға қолын қойдырып, басшының орнына өзіңіз қол қоя беріңіз, облысымыздың қай жерінен қандай зат аламын десеңіз де осы сенімхатпен бара беріңіз,- деді маған Бас есепшісі қол қойған әлігі бір уыс сенімхатты алып тұрғанымызда, тауысылғындай болса, мына Әмірханды жіберіңіз, келіп алып кете берсін- дегенді қосты, рахметімізді айтып ауылға қуанышымыз қойнымызға сыймай қайттық.

Ертеңіне мектептің ГАЗ-53 автокөлігімен «Арыс қайдасың» деп жүріп кеттік. Облыстық жабдықтау мекемесінің қоймасына барып, Нұралыға жолығып, Сәкеннің атынан келгенімізді айт-қанымызда ол біреуді қосып есепшілер бөліміне жіберді, одан әрі қойманың есігі айқара ашылып «теңіз суына баттықта кеттік».

Есепшотымызға апталап, айлап «Бақыт» жеке кәсіпорнынан қаржы түсіп жатыр. Аудандық банктен қажетімізге керек қаржыны ұжыммен ақылдаса отырып нақты алып келеміз. Мектептің барлық материалдық-техникалық жабдықтарын жаңарттық, төрт бөліктен тұратын мектептің төбесін шифермен жабтық, линолеумдары ажыоатылып, шаң тозаңға бата бергеннен кейін барлық сынып бөлмелері мен залдарды, коридорларды, реакрацияларды жөндедік, әр тоқсан сайын І-ХІ сынып оқушыларының ең үздік деген оқушыларына шәкірақы, алдыңғы қатарлы ұстаздарымызға ақшалай, заттай сыйлықтар бере бастадық, әрине оның бәрі педагогикалық кеңестің шешімі, кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша жүзеге асырылып жатты.

Сарыағаш қаласындағы №5 Сыдық Ысмайылов атындағы орта мектеп ұжымымен байла—ныстық, оларға екі рет арнайы автобус жалдап барып қайттық.

Қалталы болғаннан кейін «тойшыл да» болдық, айтыскер ақындар Тәушен апайды(марқұм) Ақмарал Леубаеваны,Есенқұлды, т.б. ақындарды қонақ етіп күттік,мектеп директорларының облыстық семинарын,, «Атамекен» бағдарламасын қолдау мақсатында аудандық, республикалық семинар, ақын, жерлесіміз Нармахан Бегалыұлының 50 жылдық мерейтойын республика көлемінде, Жеңістің 50 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Сыдық Ысмайыловтың ескерткіш мүсінін орнатуға арналған той салтанатын, түрлі кездесулерді өткізіп облысқа, республикаға танымал бола бастадық

Бірде, 1993 жылы 1 сәуірде Тынышбай Рақыммен мектеп оқушыларының кездесуін ұйым-дастырып, үстіне түйе жүнінен тоқылған шекпен жапқанымызда, ол:

-Елімнің түкпір-түкпірінде зауыт-фабрика, кәсіпорындар мен шаруашылықтарда болғанымда қазақы салтпен үстіме  талай шапан жабылып еді, бірақ мектептен бірінші рет шапан жамылып отырмы,-деген еді.

Мектептің тұғырындағы, басқа да жерлердің де сылағы түсіп сұрқын бұза бастады. Сәкенмен телефон арқылы сөйлесіп, цемент алатын болдым. Бұл кезде Сәкендер офисін облыстық әскери комиссариаттың қасындағы «Құрылысшылар мәдениет сарайының» бір-екі бөлмесінде отыратын. «Темірлан» автобазасынан бір КАМАЗ автокөлігін алып, Сәкеннен сенімхат алған күйі Шымкент цемент зауытына бардық. Кезек күтіп отырғандарда есеп жоқ, Сәкен біздің көлігіміздің нөмірі мен маркасын телефон арқылы цемент зауытындағыларға ескертіп қойған екен, көп күттірмей бізді ішке кіргізіп, 10 тонна цементімізді алып кері қайттық.

Жас та болса, тек өзінің қарақан басын ғана ойламай, ауылдағы мектепте оқып жүрген іні-қарындастарының 1992-1995 жылдар аралығында ешнәрседен кемдік көрмей, мектептегі сабақ-тарын алаңсыз оқуларына, ұстаздарының балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруіне қар-лығаштың тұмсығымен су әкеліп, өртке сепкеніндей, Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштарының бірі, туған ауылы үшін алғашқысы да осы Сәкен оқушым еді. Сәкеннен үлгі алғандар кейіннен мектепке, ауылға қол ұшын бере бастады.

Ауылдағы «Ленинтуы»(қазіргі «Сыдық Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі» комму-налдық мемлекеттік мекемесі) сегізжылдық мектебін 1980 жылы бітірген Сәкен(азан шақырып қойылған есімі Советбек) Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» малдәрігерлік-зоотехникалық техникумының(қазіргі колледждің) зоотехник бөліміне оқуға түсіп, оны тамамдаған соң 1984-1986 жылдары әскери борышын өтеді.

Ордабасы ауданының(бұрынғы Бөген) Қажымұқан ауылында(бұрынғы «Ленинтуы») 1965 жылы желтоқсанның 2-де көп балалы(анасы Құлқан Елбасиева «Батыр ана» Алтын жұлдызының иегері болған) отбасының шаңырағын қуанта дүниеге келген Сәкен күні бүгінге дейін тек ауылын ғана емес, өзінің іскерлігімен елімізді де қуантып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқ қарлығашының қанаты еліміздің тұғырының бекуімен бірге қатайып, шет елдерден елімізге инвестиция тартып жүр.

1995 жылдың соңында Сәкенге бір жұмыспен барғанымда, оны орындай отырып, 1996 жыл-дың басынан демеушілік көмегін уақытша тоқтататынын айтып, екеуіміз бір-бірімізге риза-шылығымызды білдіріп, қоштастық.

Арада 5-6 жыл өткенде кездесіп қалып, қайда жүргенін, немен айналысатынын сұрағанымда Испанияның Барселона қаласында бизнеспен айналысып, елімізге инвестиция  тартып жүргенін есті- генімде, оқушымның елі үшін аянбай еңбек сіңіріп жүргеніне марқайып қалдым.

Жақында тағы да жолығып қалып, бала-шағаларына мені таныстырды. Мен қайда жүргенін сұрағанымда қазір Алматы қаласында испандық азаматтармен 2009 жылы Spain Consulting ЖШС-н құрып, сол серіктестіктің  директоры қызметін атқарып жүргенін білдім. Қызметін жемісті атқаруына, өзіне мықты денсаулық тілей отырып, іштей «Қанатың талмасын, Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашы» дедім.

Қыдырбай Жұмәділұлы

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі