Книги

Нұржамалға

Өзіңді көрген жоқпын Нұржамал, ханым!
Сөзіңе сендім баураған адам жанын.
Әйел көп хабарласқан кездесуге,
Талғамыма сай келмеді,қойдым бәрін.
Кездестім бір-екі бос келіншекпен,
Қоятын талаптары маған бөтен.
Қолына кіргізіп алып отырмақшы,
Төрт қызым мен үш ұлымды енді қайтем?
Қолындамын бүгінде кенже ұлымның,
Қамқорлығын күнде көрем келінімнің.
Олардан күнде естимін апа әкеліңіз,
Деген пейілін, ризашылықпен айтқан сөзін.
Нұржамал! Әйел жанын түсінемін,
Келіссең алақаныма салып өтемін.
Көңіл қосып, қосағым бола қалсаң,
Еркекпін айтқан осы сөзіме жетемін.
Аялап, жаныңды әнмен тербетемін,
Кірбің салмай қабағыңа өтермін.
Өзіңді еркін ұстап, бірге жүрсек,
Қолымнан келгенінше бақытты етемін.
Ұл-қыздарым күтіп отыр «аналарын»,
Келіндер, немерелер, туыстарым.
Екеуіміз сыйлассақ өмір – бақи,
Көрер едің сөзімнің шындықтарын.
Білмеймін мінезіңді қандайсың Сен?
Салиқалы,әлде тыз етпе жеңілтек пең?
Бақ болып қонасың ба, сорымсың ба?
Көремін алда Алланың көрсеткенін.
Шыдаймын қандай қиын күн туса да,
Сондай да маған серік бола аласың ба?
Кейбіреулер келеке, мазақ етсе,
Ондайға саналы түрде төзе аласың ба?
Жеке өзің шешіп, пішіп өмір сүрдің,
Басың бос, әркез бейқам жеке жүрдің.
Қосақтасар қосағыңды кім екен деп?
Әрине, құмартасың жақсы білгің.
Мен өзім дайын асқа тік қасықпын,
Таңдамай тамақтанам берген астың.
Бір көргеннен құда болып ПӘРБІКҮЛМЕН,
Қырық бес жылдан астам отандастым.
Алланың бұйрығы екен, жалғыз қалдым,
Әйелімді о дүниеге шығарып салдым.
Немерелерімнің ортасында жүрсем-дағы,
Татып жүрмін жалғыздықтың ащы дәмін.
Көнеміз пешенеге о баста жазған іске,
Өзегім өртенеді жалғыздығым еске түссе.
Жалғыздықтан құтқарып, қосақтассаң,
Жалғыз дегенге қояр едім мәңгі нүкте!
Нұржамал! Көп ойланып, көп толғандың,
Жалғыздықтан құтылуды ойға алдың.
Тәуекел!-деп көз жұмып маған сенсең,
Бақытты етуге тырысамын бар арманым!

08.03.2015 ж. Сағат 17:51