1913 жылы Николай патшаның Ресейде Романовтар әулетінің патша тағына отырғанына 300 жыл толуы құрметіне үлкен мерекелік іс-шара өткізіп, оған өзінің қол астындағы «бұрата-на халықтаң» да елге сыйлы байларын қонаққа шақырады. Сондай шақыруды Монтайтаста қа-лыпты өмір сүріп жатқан, Байлар-Жандардың мыңғырған малы бар Итаяқ деген бай кісісі де алады.
Санк-Петербордағы ұлан-асыр тойға Итекең «тай тұяқ» алтын ала барады. Әркім өзінің апарған сыйлығын патша –ағзамға сыйлап, той дастарқанынан бұйырған дәмді ішіп-жеп қонақ болып, қайтатын күні Итекеңді Николай патша жеке қабылдап, әкелген сыйлығына ризашылығын білдіріп, не қалайтынын сұрайды. Сонда Итекең:- Маған ешнәрсенің керегі жоқ. Өз байлығым өзіме жетеді. Ниетіңізге рахмет,-депті.
Николай патша: -Сонда, қалай болғаны? Сізге менің тарапымнан ризалығым үшін бір жағдай жасауым керек қой,- деп Итекеңнің қасына екі адамын қосып, еліне барып жағдаймен танысып, не керек екенін айтып келіңдер депті.
Шеңгелдіден пойыздан түсіп, алдын ала дайындалып қойылған пәуескемен, Петербордан қайтқан Итекеңді және патшаның қосып жіберген кісілерін Монтайтасқа алып келеді. Қонақтар келген мерзім малды суарып жатқан сәтке тап келеді. Келе-келе түйелерді, үйір-үйір жылқыларды, отар-отар қой- ешкілерді, табын-табын сиырларды үлкен құдықтан төрт жігіт төрт түйемен, төрт қауғамен арнайы астауға су құйып, әлігі малдарды кезегімен суаруға бүкіл тайлы-тұяғымен жүгіріп жүрген ауыл адамдарын көреді. Екі – үш күн қонақ болған Пет-ерболықтар патша ағзамға көрген білгендерін айтып келеді. Сонда Николай патша малды суаруға қолмен су тартқыш / колонка/ жасатып, әлігі нөкерлеріне қасына шеберлер қосып, Монтайтасқа жіберіп, Итекеңнің құдығына орнаттырып беріпті. Қолмен су тартқышпен мың-ғырған малдың шөлін қандыра алмаған Итекең, патшаның сыйлығын:- Су тартқышы құрысын, -деп аудартып тастапты. /1965 жылы Бөген ауданыны Монтайтастағы В.Маяковский атындағы орта мектепке аудандық оқушылар үйінің әдіскері ретінде әдістемелік көмек беруге барғанымда, 1954 жылы кеңшардың жігіттері қажет болғандықтан төрт сирағын кесіп алғандықтан дөңкиіп жатқан қалдығын көрген едім-Қ.Ж./,
Қыдырбай Жұмәділұлы
Аңыз әңгімелерді жинастырушы