Книги

31-мамыр-Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Назарларыңызға 1937-1938 – жылдары Ақмола облысында арнайы әйелдер үшін ашылған лагерлердің бірінде тұтқында болған неміс әйелінің естелігін ұсынып отырмыз.

ҚҰРТ – «БАҒАЛЫ ТАС»
1990 жылы Қазақстанға келген сапарында АЛЖИР-дің(Акмолинскийй лагерь жен «изменников» родины-Ақмоланың отанын «сатқандарының» әйелдерінің лагері) бұрынғы тұтқыны болған Гертруда Платайс АЛЖИР мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды бірінші рет көргенін және олардың тұтқын әйелдерге деген көзқарасы мен жанашырлығы туралы айтып берді.

Оқиға былай болған екен.
Бірде, қыстың өте қатты боранды суық күнінде, таңертең тұтқын әйелдерді қамыстан үй тұрғызу үшін, Жалаңаш көлінің жағасынан қамыс жинауға күшейтілген айдауылмен алып келеді. Сол кезде қалың қамыстың арасынан көрші Жанашу ауылынан келген жергілікті қазақтың қарттары кейуналары мен жас балалар шыға келіп, қарттардың айтуымен тұтқын әйелдерге ( онсызда қатты суықта 17-20 сағат бойы қиналып, 40 бау қамысты жинай алмай тұрғанда) «тас » лақтыра бастайды.
Мұны көрген айдауылдар бәрі қарқылдап ішек-сілелері қатқанша күлісіп:- Көрдіңдер ме, сендерді тек Мәскеуде ғана емес, тіпті осы жердегі балаларға дейін жақтырмайды,жек көреді- дейді.
-Бұл жағдай онсыз да қалжыраған тұтқын әйелдерге өте ауыр тиді, намыс-тарымызды балалар арқылы аяқ асты еткеніне күйіндік- дейді Гертруда Платайс мен басқа да бұрынғы тұтқын әйелдер.
Жоғарыдағы жағдай бірнеше күнге созылады. Тұтқын әйелдер мына қазақ-тардың Сталиннің алдауына түсіп, бұларды қорлап жатқанына күйнеді де Жаратқан иесіне іштей жалбарынып қояды.

Бір күні Гертруда өздеріне тас боран етіп лақтырылған «тастан» айналып қорғанамын деп, әлсіздіктен сүрініп құлап қала жаздайды, содан әлігі «тастардың біреуін байқап қараса, тасқа ұқсамайды, дереу білдірмей қолына алғанда сүзбенің иісін сезеді де, кішкентай бөлігін ауызына саллып оның өте дәмді екенін байқайды. оның сүтпен сүзбеден жасалғанын біліпп, әлігі тастарды жинап қалтасына салып алады.
Лагерьге келгеннен кейін осында өздерімен бірге жатқан қазақ әйелдеріне көрсетеді, олар мұны айранды сүзбеге айналдырып, домалақтап кептірілген құрт деген қазақтың бір мәзірі екенін түсіндіреді.
Сонда барып, біздер-тұтқын әйелдер қазақтардың өз өмірлеріне қауіп төнетінін біле тұра қолынан келген жанашырлығын жасап тапқан айласы екенін түсіндік.

Себебі сол қазақтардың өздері 30 жылдары ашаршылықты бастарынан өткізіп, аштықтың қандай екенін жақсы түсінеді
Әлігі ауыл қазақтары бақылаушыларға білдірмей, нан, пісіілген ет,талқан-дарды бір елеусіз жерлерге жасырып кетіп, оны біздер барып алатынбыз.
Қай лагерь оңып тұр дейсің, бәрі де ауыр азап, ал қазақтардың арқасында АЛЖИР-дегі тұтқын әйелдер өздерін тіпті тойынбаса да жүрек жалғайтын тамақты алып отыруының арқасында тірі қалдық. Өле-өлгенше қазақ халқының сондай жанашырлығына, кең пейілдігіне, қамқорлығына тірі қалған «тұтқындар» ризалығын айтып жеткізе алмайды –деді. Гертруда өткен кезеңді еске алып.

Гертруда Платайстың естеліктері негізінде тарих пәнінің мұғалімі Раиса Голубева –«Құрт-«қасиетті тас» деген өлең жазды.
О, Господи, да это ведь не камень.
От него так пахнет молоком.
И в душе затрепетал надежды пламень,
А в горле встал ком.
Так вот что придумали старики!
Вот за что женщины детьми рисковали!
Они нас от болезни берегли,
Они нас от безверия спасали.
Они поняли, что мы не враги,
А просто несчастные женщины.
И чем смогли – помогли,
Поразив нас своей человечностью.
Я молча поползла по льду,
Собирая драгоценные камни.
Теперь я отвратила от них беду,
Спасая их от охраны.
А ночью в холоднейшем бараке,
На оскверненной палачами земле,
Я, немка, молилась мусульманскому богу,
Да ничего не просила себе.
Я просила старикам здоровья,
Женщинам-матерям – счастья.
Особенно я молилась за детей,
Чтобы они не видели несчастья.
Я прошла все круги ада,
Потеряла веру и друзей,
Но одно я знаю,
Что только так и надо воспитывать детей!

* * * * * *

*О, Жаратушым, тас емес, қара мынаны,
Өн бойынан сүттің иісі шығады.
Жалындаған жалынымыз сөнгенде,
Тамағымызға қайғыдан түйін тұрады.
Біздерді ауру-сырқаудан сақтаған,
Өмірге сенімсіздігімізден құтқарған.
Айналып кетесің ғой қарттардан,
Жанкешті әйелдер мен баладан.
Қолдарынан келгенінше берді көмек,
Жау еместігімізді олар түсінді демек.
Бізді адамгершіліктерімен таңқалдырды,
Түрлі іс-әрекеттерімен лемеп- жебеп.
Мұз үстінде үнсіз ғана әлсіз сырғанап,
Жинауға кірістім «тастарды» домалақ.
Оларды жеркенішті пәледен арылттым,
Қаптаған күзетшілерден де қорғап.

Түн болғанда өте суық лагерьде,
Жаналғыштармен арамдалған жерде.
Неміс қызы сыйындым мұсылман Құдайына,
Өзге ешнәрсе тілемедім өзіме.
Сұрандым қарттарға зор денсаулық,
Әйел-аналарға да тек қана- бақыт.
Балалрға арнап ерекше сыйындым,
Көрмесінші деп ешқашан бақытсыздық.
Тозақтың барлық щеңберінен өттім,
Өзін де, достың. жоғалттым маған сенімін
Балаларды осылай тәрбиелеу керектігін,
Жүрегіммен сезініп, бәрін де енді білдім.

Орысшадан аударған: Қыдырбай Жұмәділұлы